Консультациялық пункттің жұмыс кестесі

 

Баланы тәрбиелеу негізі алғашында отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Сондықтанда баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен өзара тығыз байланыста, ынтымақтаста болуы маңызды. Қазіргі кезеңде бала тәрбиесін жүзеге асыруда тәрбиеленудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналармен семинар-кеңестер, тренингтер, дөңгелек үстел, кездесулер, сауалнамалар ұйымдастырудың үлкен көмегі бар. Адамгершілік қасиетті бала бойына сіңіру балабақша мен ата-аналардың педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады.
Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығының негізгі бағыттары:
- Ата-аналардың педагогикалық, психологиялық сауаттылығын арттыру;
- Баланың бейімділігі мен отбасылық қажеттілігн есепке алу;
- Баланы мектепке даярлауды ата-аналарға көмек көрсету бойынша жұмысын жүргізу;
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық орнату, ата-аналардың сұраныстарын толық қанағаттандыру мақсатында 2024-2025 оқу жылына арналған КМҚК «Майқайың кенті сәбилер бақшасында» балабақшаға бармайтын балалар және олардың ата-аналарына тегін кеңес беретін ата аналарға арналған ақыл кеңес беру пункті жұмысын бастады.
Ата-аналарға арналған консультациялық пунктті ұйымдастырудың формалары: жеке және топтық түрде жүргізіліп, педагогикалық, медициналық- сауықтыру, психологиялық бағыттарын қамтиды.
Егер сіздің балаңыз балабақшаға келмесе, Сізде баланы тәрбиелеу мен дамытуға байланысты сұрақтар туындаса, сіз біздің кеңес беру пунктімізге жүгініп, баланы тәрбиелеу мен оқыту, дамыту мен сауықтыру мәселелері бойынша тәжірибелі педагогтар мен психолог, логопед мамандарынан ақыл-кеңестік және тәжірибелік көмек ала аласыз. Біз сіздің сұрақтарыңызға жауап береміз. Сіздің балаңызбен танысқаннан кейін, дәл сіздің балаңызға жарайтын білім беру және тәрбиелеу мен оқытудың бағдарламаларын таңдау бойынша ұсыныстарды береміз.
Сіздерге әлеуметтік желі мессенжерлері, телефон арқылы мамандардың консультацияларын; білім беру ұйымының сайтында мәтіндік консультациялар; МЖД балаларға бейне ойындарды ұсынамыз.

Консультация алуға мына телефон арқылы жазылуға болады: 2 10 42

 

жұмыс кестесі