Павлодар облысының білім беру басқармасы,

Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің

"Майқайың кенті сәбилер бақшасы" ККМ

 

 

   Отбасының басты қазығы, алтын тiреу дiңгегi — бала. Бала — бұл жер бетiндегi ең пәк, ең шынайы, ең адал жан!

   Бiз Сiздiң балаңыздың ерекше және ең тамаша екенiне кәмiл сенемiз. Өзгеше, өнерпаз, ойлап табу қасиетi — бұл ерекшелiктердi әр баладан байқаймыз! Сiздiң балаңызды жинақы, ерiктi, өзiне-өзi сенiмдi ұрпақ ретiнде тәрбиелеуге тырысамыз деп үмiттенемiз. Оның бойындағы өнердi ашып, өздiгiнен әрекет жасауға, дәстүрден тыс ойлауға, бос уақытын ұйымдастыруға көмектесемiз. Дұрыс тамақтанып, жақсы қарым-қатынас жасауына жағдай жасаймыз. «Майқайың кенті сәбилер бақшасы»

   Сiздiң балаңыздың сенiмдi көмекшiсi, жақсы досы болуға дайын.

   Құрметтi ата-аналар! Балаңыздың уақытының бiр бөлiгiн бiзге сенiп тапсырыңыз, ал бiз болсақ, оның балалық шағының естен кетпес қызықты болуына қолдан келгеннiң бәрiн аямаймыз! «Майқайың кенті сәбилер бақшасы» 305 балаға арналған. Барлық 14 топта әр бала үшiн жайлы жағдайлар жасалған.

   Бiлiм беру үрдiсi мемлекеттiк тiлде жүзеге асырылады.